Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округтері әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Қарасай ауданы Іргелі және Райымбек

ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша

сайлау округтерін құру туралы

 

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қарасай  ауданы Іргелі және Райымбек ауылдарының  шекараларында Іргелі және  Райымбек  ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша Іргелі және Райымбек сайлау округтері құрылсын.

2.Іргелі және Райымбек сайлау округтерінің тізімі, оның шекарасы және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қарасай ауданының интернет-парақшасында және аудандық «NAQTY» газетінде жариялансын.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы А. Бексултановаға  жүктелсін.

 

 

Аудандық  аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                       Г.Аманова

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                      А.Бексултанова                             

 

Дата публикации
01 ноября 2023