№12 сайлау округі бойынша Алматы облысының Карасай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №12 сайлау округі бойынша Алматы облысының Қарасай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлау 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалсын.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған №12 сайлау округі бойынша Алматы облысының Қарасай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалған №12 сайлау округі бойынша Алматы облысының Қарасай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы аудандық «NAQTY» газетінде және Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға Г.Аманова
Хатшы А.Бексултанова