ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

 Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 29 қазанда   № 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына Қарасай аудандық мәслихатының депутатын сайлауы өтетінін хабарлайды.

Сайлау округінің шекарасына келесі сайлау учаскелері кіреді:

-№462Шамалған ауылы,Т.Рысқұлов көшесі,№58а, «Шамалған ауылындағы орта мектеп» КММ;

№463 Шамалған ауылы,Жібек жолы көшесі,№83, «Қарасай батыр атындағы орта мектеп» КММ;

№464 Шамалған ауылы,Жібек жолы көшесі,№76, «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж» СКҚК.

Сайлау тек осы сайлау учаскелері бойынша өтеді.

Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1-тармағында көзделген.

Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдері сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен  айқындалды.

Алдағы уақытта  болатын сайлау туралы толығырақ ақпаратты біздіңинтернет-парақшамыз бен «NAQTY» аудандық газеттен  алуға болады.

Қарасай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАНДЫРУЫ
Дата публикации
29 августа 2023