Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының31-бабы 2-тармағына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
- Қарасай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 345 «Қарасай ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5762 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Қарасай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай ауданының әкімі Ж.Естенов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қарасай ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы