Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалаішілік және ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру.

    1. «Қарасай ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың қыркүйек айының 13-де сағат 16-00 Қаскелен қаласы, Аблайхан көшесі 213 (аудан әкімшілігінің ғимараты, 1 қабат, 3 кабинет) мекен жай бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
    2. Конкурсқа келесі бағыттар қойылады:

             ЛОТ №1   

    1. бағыт №3 «Айтей ауылы-Қаскелең қаласы»
    2. бағыт № 5 «Жандосов ауылы- Қаскелең қаласы»
    3. маршрут №6 «Тұрар ауылы-Алтын Орда базары»
    4. маршрут №7 «Батан ауылы -Алтын Орда базары»
    5. маршрут № 14 «Қаскелен-Үштерек-Тұрар ауылы»
    6. Конкурсқа меншік түрінен тәуелсіз, өзінің жеке меншік немесе басқа заң негіздерінде автокөлікке иелік ететін кез келген жеке және заңды тұлғалардың қатысуға құқығы бар.
    7. Конкурсқа қатысу бойынша конкурстық құжаттардың жиынтығын алу үшін Қаскелен қаласы, Аблайхан көшесі 213 (аудан әкімшілігінің ғимараты, 1 қабат, 1 кабинет) мекен жай бойынша жазбаша өтініш ұсыну қажет.
    8. Конкурстық құжаттар жиынтығын алуға өтініш өткізудің және Конкурсқа қатысу өтініштерін қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жыл 29 тамыз, сағат 18-30 дейін.
    9. 2023 жыл 15 тамыз сағат 16-00 Қаскелен қаласы, Аблайхан көшесі 213 (аудан әкімшілігінің ғимараты, 1 қабат, 3 кабинет) конкурстық Комиссия конкурс өткізудің мәселелрі бойынша конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
    10. Анықтамалар алу үшін 872771/9930, 87774740742 телефондары бойынша хабарласуға болады.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалаішілік және ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру.
Дата публикации
08 августа 2023