Шамалған ауылдық округінің Шамалған ауылына жаңа көшелеріне атау беру туралы

Шамалған ауылдық округінің Шамалған  ауылына жаңа көшелеріне атау беру туралы

  «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Заңының   14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шамалған ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округінің әкімі ӨКІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шамалғанауылдық округінің Шамалған ауылдағы жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:

          1) Шамалған ауылының шығыс бөлігінде орналасқан бірінші көшеге «Берел», екінші көшеге «Күлтөбе», үшінші көшеге «Майбұлақ», төртінші көшеге «Нұра», бесінші көшеге «Сарысай», алтыншы көшеге «Түрген», жетінші көшеге «Шеңгелді», сегізінші көшеге «Ақбастау», тоғызыншы көшеге «Ботай» Шамалған ауылының шығыс бөлігінде орналасқан

          2) Шамалған ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан бірінші көшеге «Ақадыр», екінші көшеге «Ақкөл», үшінші көшеге «Байбақты», төртінші көшеге «Бесшатыр», бесінші көшеге «Зеренді», алтыншы көшеге «Жасөркем», жетінші көшеге «Жетікөл», сегізінші көшеге «Кеген».

           3) Шамалған ауылынның солтүстік батысында орналасқан бірінші көшеге «Сығанақ», екінші көшеге «Тұран», үшінші көшеге «Ұлытау», төртінші көшеге «Алтай»,бесінші көшеге «Бурабай», алтыншы көшеге «Ертіс», жетінші көшеге «Қазығұрт», сегізінші көшеге «Қаратау», тоғызыншы

көшеге «Сайрам», оныншы көшеге «Хантау», он бірінші көшеге «Шыңғыстау», он екінші көшеге «Ақжар».

          4) Шамалған ауылының солтүстік шығысында орналасқан бірінші көшеге «Ақкент», екінші көшеге «Ақсу», үшінші көшеге «Ақыртас», төртінші көшеге «Аютас», бесінші көшеге «Байғара», алтыншы көшеге «Жартас», жетінші көшеге «Кеңсаз».

           5) Шамалған ауылының оңтүстік жағында орналасқан бірінші көшеге «Көктөбе», екінші көшеге «Алакөл», үшінші көшеге «Арал»,төртінші көшеге

«Алтынемел», бесінші көшеге «Аягөз», алтыншы көшеге –«Орбұлақ», жетінші көшеге «Мұзтау», сегізінші көшеге «Іле», тоғызыншы көшеге«Баянауыл», оныншы көшеге «Балқаш».

            6) Шамалған ауылының оңтүстік-шығыста орналасқан жаңа көшелеріне: бірінші көшеге «Алшын», екінші көшеге «Ақтау», үшінші көшеге «Ақшат», төртінші көшеге «Бұйрат», бесінші көшеге «Деркөл», алтыншы көшеге «Лепсі».

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы өкім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шамалған ауылдық округінің Шамалған  ауылына жаңа көшелеріне атау беру туралы
Дата публикации
22 апреля 2022