Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 2022 жылы 1 наурызында сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілді.

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 2022 жылы
1 наурызында сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілді. Қарасай ауданы аумағында сиреналарды қосу сағат 10.00-ден 10.15-ке дейін жүргізілді.
          Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы болып табылады.
         Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.
         «Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
         Сонымен қатар, аудан аумағындағы білім беру мекемелерінде ауқымды оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға және қызметкерлерге қауіпсіз талаптарына сәйкес  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

Дата публикации
03 марта 2022