АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 354 миллиардтан астам теңгені қайтарды
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 781 736 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2,5трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 3,2млн теңге.