Қарасай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 25-4 «Қарасай ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы
ШЕШТІ:
- Қарасай аудандық мәслихатының «Қарасай ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» 2018 жылғы 26 ақпандағы № 25-4 шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №4574 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.