ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Алматы облысы бойынша экология департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 337-бабына сәйкес, қауіпті емес қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығының 6-қосымшасына және Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруге міндетті.