"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қарасай ауданының Қаскелең қаласының, Әйтей, Елтай, Жамбыл, Жібек жолы, Жандосов, Іргелі, Бірінші май, Райымбек, Ұмтыл және Шамалған ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттері тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Қарасай аудандық мәслихатының «Қарасай ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» 2018 жылғы 28 маусымындағы № 31-3 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4755 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының "Заңдылықты сақтау, құқықтық тәртіп және азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні