Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Мемлекеттік тұрғын үй

қорындағы тұрғын үйді

пайдаланғаны үшін төлемақы

мөлшерін белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» №306 бұйрығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарасай ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
  2. Осы қаулының   орындалуын    бақылау  аудан әкімінің орынбасары  А. Ә. Әуесбайға жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                       Ж. Далабаев

Дата публикации
26 мая 2021