Қарасай ауданы бойынша бірыңғай
сәулеттік келбетті беруге бағытталған,
көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін,
шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу
жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
және жүргізу ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағының 16-5) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарасай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қарасай ауданы бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің орынбасары А. Әуесбайға жүктелсін.
3.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай ауданының әкімі Ж. Далабаев