Қарасай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 66-3 «Қарасай ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы» 2001 жылғы  23 қаңтардағы  Қазақстан   Республикасы  Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қарасай аудандық мәслихатының «Қарасай ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 66-3 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5852 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 23 745 219 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 13 120 852 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 12 822 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер  958 768 мың теңге;

трансферттер түсімі 9 652 777 мың теңге;

2) шығындар  24 886 277 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу  166 294 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 234 898 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу  68 604 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар  бойынша сальдо 0 теңге,  оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 307 352 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                      1 307 352 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 234 898 мың теңге;

қарыздарды өтеу 715 330 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 1 787 784 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының «Экономика, бюджет, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
17 мая 2021