«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 тарауын, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84, 85 баптарын басшылыққа ала отырып, «Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен 2021 жылы 20 мамырда келіп түскен № 784 хатына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарасай аудандық маслихаттың шешімімен бекітілген 2017 жылғы 17 тамыздағы №18-4 Алмалыбақ ауылының бас жоспарын іске асыру мақсатында Қарасай ауданы, «Юбилейное» б/с, №101 мекен жайында орналасқан Дюсембеков Медет Кудайбергенулының меншігіндегі кадастрлық нөмірі 03-047-092-006 жер телімінің жалпы көлемі: 0,0650 га толығымен су алу қорғаныс аймағына кіруіне байланысты жер телімінің меншік иесінен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығару 2021 жылдың 24 тамызынан басталсын.
- «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарылатыны туралы жер телімдерінің меншік иелерінен, осы қаулының жария ету мерзімінен бастап күнтізбелік 3 күн аралығында жазбаша түрде хабарлау және Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.
- Жер телімдерінің меншік иелерімен мемлекеттік емес заңды тұлғалары келісу тәртібін жүзеге асыру орны болып Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі №47 үй белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін. ауд