«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 тарауын, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84, 85 баптарын басшылыққа ала отырып, «Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен 2021 жылы 25 мамырда келіп түскен № 783 хатына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаскелең қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Қарасай аудандық маслихаттың 2020 жылғы 09 қаңтардағы № 51-4 шешімімен бекітілген жоспарына сәйкес, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Алматы-Бішкек тас жолы, №140/1 мекен жайында орналасқан жер телімі «Строительный рынок Барыс-III» ЖШС-ның меншігіндегі кадастрлық нөмірі 03-056-016-803 жер телімінің жалпы көлемі: 3,7710 га толығымен 1200 орындық мектеп құрылысын орналастыруға жер телімінің меншік иесінен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығару 2021 жылдың 24 тамызынан басталсын.
- «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарылатыны туралы жер телімдерінің меншік иелерінен, осы қаулының жария ету мерзімінен бастап күнтізбелік 3 күн аралығында жазбаша түрде хабарлау және Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.
- Жер телімдерінің меншік иелерімен мемлекеттік емес заңды тұлғалары келісу тәртібін жүзеге асыру орны болып Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі №47 үй белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін. ауданының ж