Қаскелең қаласының көшесін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Қаскелең қаласы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаскелең қаласының «Победа» көшесі «Аубай Байғазиев» көшесіне қайта аталсын.
  2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дуйсенова Кульжан Адилхановнаға (келісім бойынша) жүктелсін.
  3. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
06 мая 2021