«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 тарауын, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84, 85 баптарын басшылыққа ала отырып, «Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 621 хатына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Қошмамбет ауылында орналасқан кадастрлық нөмірі 03-047-636-1905 жер телімінің жалпы көлемі: 8,3932 га оның ішінде 0,4000 га мектеп салу мақсатында меншік иесі Тышканбаев Мурат Абдикеримовичтен мемлекет мұқтажы үшін жер телімін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығару 2021 жылдың 14 тамыздан басталсын.
- «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп иеліктен, соның ішінде сатып алу жолымен шығарылатыны туралы жер телімдерінің меншік иелерінен, осы қаулының жария ету мерзімінен бастап күнтізбелік 3 күн аралығында жазбаша түрде хабарлау және Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.
- Жер телімдерінің меншік иелерімен мемлекеттік емес заңды тұлғалары келісу тәртібін жүзеге асыру орны болып Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі №47 үй белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.