|
Р/с |
Іс-шараның атауы
|
Орындалу мерзімі |
Орындалысы |
|
1. |
Қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін сәйкестікке келтіру
|
2019 жылдың 1-тоқсаны |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес, «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметі ұсынылды. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеуді жұмыспен қамту бөлімдері әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның бір сағаттық жалақысы мөлшері есебімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес бір жылға дейін жұмыс өтілі болған кезде 4 саты, В3 буыны "Өзге де салалар" блогы бойынша (бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары) еңбек ақысын төлеу бойынша азаматтық қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу жүйесіне сәйкес жүргізіледі. Жеке көмекшінің қызметтеріне ақы төлеу жұмыспен қамту бөлімімен нақты көрсетілген уақыт үшін бірақ күніне 8 сағаттан асырмай төленеді. Сонымен қатар, төсек тартып жатқан 1 топтағы мүгедектерге де жеке көмекшінің қызметі тағайындалады. Олар медициналық мекемелерге де жылына 1-2 рет қана барады. Олардың жеке көмекшілері жыл бойы есепті күніне 5-8 сағатқа толтырады. Жеке көмекшінің қызметі мүгедектерге оқуға, жұмыс жасауға, медициналық көмек алуға және басқа да құқықтарын жүзеге асыру үшін беріледі. Бірақ бұл мүгедекке күтім жасауға жатпайды. Көрсетілгендерді ескере отырып, заңға енгізу үшін ұсыныс берілді: барлық жеке көмекшілердің жалақысын бірыңғай төлеуді; төсек тартып жатқан 1 топтағы мүгедектердің күтіміне жәрдемақы тағайындауды; 1-2 топтағы жалпы аурудан және психикалық ауытқуы бар мүгедектердің күтіміне жәрдемақы тағайындауды. |
|
2. |
Жабық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді айқындау қамтамасыз етсін және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосу бойынша ұсыныстар енгізу |
тұрақты түрде |
Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімімінің жер телімінің сатып алу , сату бойынша және бөліп төлеу бойынша келісім шарттары жабық мемлекеттік көрсетілетін қызметтері айқындалып, ұсыныстар енгізілді. |
|
3. |
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 8- бабының 5- тармағын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жергілікті атқарушы органдарына тиісті ұсыныстар енгізу |
Жарты жылдық дысы |
2020 жылдың бірінші, екінші жартыжылдығы қорытындысымен Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты бөлімдер мен аудан, қала, ауылдық округтер әкімдері аппараттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмыс топтары құрылып, ішкі талдау жүргізілді. Қорытындысы бойынша анықтамалық-талдама және іс-шаралар жоспары аудандық әкімдіктің интернет-ресурстарында орналастырылды. ttps://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karasay/documents/details/121366?lang=kk 2018-2019 жылдары аралығында жарты жыл сайын тұрақты ішкі талдау тұрақты жүргізілді. |
|
4. |
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 10- бабын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту |
2018 жылдың 25 желтоқсаны
|
Қарасай ауданы әкімі аппараты басшысының 2017 жылғы 5 маусымдағы №82 бұйрығымен «Қарасай ауданы әкімі аппаратының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты» бекітілген. Барлық қала, ауылдық округ әкімідері аппараттары мен дербес бөлімдерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бекітілген. Ол жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовтың атына ақпарат берілген. |
|
5. |
Қабылданатын құқықтық және нормативтік құқықтық қүжаттарды бақылауды күшейту |
тұрақты түрде
|
Мемлекеттік шешімдер қабылдауда азаматтардың қатысу белсенділігінің деңгейін арттыру мақсатында Қарасай ауданы әкімімен және Қарасай ауданының әкімдігімен 2020 жылы қабылданған 14 нормативтік құқықтық актілер «Ашық НҚА» интернет порталында көпшілік талқылауы үшін жарияланды.
|
|
6. |
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялығының деңгейін арттыруға қосымша шаралар қабылдау |
жыл сайын
|
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Респуликасының «Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізіледі. Барлық мемлекеттік сатып алулар Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өткізіледі. Жүйе мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық қызметке біртұтас қол жеткізе отырып мемлекеттік сатып алуларда тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және жабдықтаушы ретінде интернет желісіне қосылған кез келген компьютерден қатысуына мүмкіндік береді. |
|
7. |
Мсмлскеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу |
жыл сайын, 20 желтоқсан нан кешіктірмей |
Қарасай ауданы әкімдігіне қарасты бөлімдерде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабының талаптарын ескере отырып, жақын туысқандар лауазымы бойынша тікелей бағынуы, сол сияқты бір аудан аясында жақын туыстардың негізгі басшы лауазымдарын атқаруы, сонымен қатар, аталған тұлғалардың заңсыз шешімдерді қабылдау фактісі орын алмаған. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру және әдеп деңгейін қалыптастыру саласында азаматтық қоғам институтымен өзара іс-қимыл әрекетіне қатысты жыл ішінде әлеуметтік желілерге, бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін ауданның мемлекеттік қызметшілеріне қатысты негативті бағытта материал шыққан жоқ. Қызметтік автокөлікті пайдалану туралы ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жұмыстары ұдайы жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейінгі үш күн мерзімде Әдеп кодексінің мәтінімен жазбаша танысқандығы жөніндегі, белгіленген шектеулер мен тыйымдарға қол қойылған іс-қағаздарына, жыл сайынғы кезекті декларацияларын мерзімінде өткізуіне ауданның бірыңғай персоналды басқару қызметі бөлімі тарапынан ұдайы сараптама жүргізіледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңдарының талаптарын сақтау және Әдеп кодексі мәселелері бойынша «Заман жаршысы» газетінде 2 мақала «karasayinfo.kz» желілік басылымында екі мақала жарық көрді. Сілтеме:https://karasayinfo.kz/ndy-syjly-beruge-bolmajdy/ https://karasayinfo.kz/dep-kodeksi-deptilik-negizi/ http://zgazeta.kz/kk/dep-kodeksi-deptilik-negizi-2/ http://zgazeta.kz/kk/ndy-syjly-beruge-bolmajdy/ Мемлекеттік қызметшілердің аккаунттарына, желідегі парақшаларына, чаттарына, жазған посты мен тікелей эфирлеріне зерделеу жұмыстары ұдайы жүргізіледі. |
|
8. |
Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу |
жыл сайын, 15 мамырдан кешіктірмей |
Қарасай ауданы бойынша 48 орта мектеп, 3 бастауыш мектеп бар. Барлық білім беру ұйымдарында мектеп басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулері 2019 жылғы 25 ақпан-10 мамыр аралығында өткізілді. 2020 жылы онлайн форматта ұйымдастырылды. Сондай-ақ барлық білім беру ұйымдары әр тоқсан сайын мектепішілік ата-аналар жиналысын ұйымдастырып, мемлекет тарапынан мектепке бөлінген қаражаттың қайда жұмсалып жатқаны жайында есеп беріп отырады. Бұл іс –шара мектеп пен ата-аналар арасын жақындатып, білім беру мекемелерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Мектепте ақша жинауға тиым салу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Сенім жәшігі» орнатылған. |
|
9. |
Көрнекті ғалымдардың, мемлекеттік органдар-дың, саяси партиялардың, қоғамдастықтың басшылары мен өкілдерінің сөз сөйлеулерін көздей отырып, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерге, интернет-конференцияларға, телевизиялық бағдарламаларға және «тікслсй жслілерге» қатысуын қамтамасыз ете отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында БАҚ-та кең ақпараттық - насихаттау жұмысын ұйымдастыру |
2018-2020 жылдар дағы 2-тоқсан |
Қоғам белсінділерін, қоғамдастықтың басшыларын, мемлекеттік орган басшыларын тарта отырып, 2020 жылы 21 тікелей эфир ұйымдастырылды. БАҚ-та 18 мақала шығарылады. 2019 жылы ҮЕҰ басшылары мен мемлекеттік органдардың басшыларын тарта отырып 16 іс- шара өткізілді. БАҚ –та 24 мақала шығарылады. 2018 жылы мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың басшыларымен өткізілген брифингтерге және дөңгелек үстелдер саны 18. БАҚ-та 20 мақала шығарылады.
|
|
10. |
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу |
2018-2020 жылдар дағы 3-тоқсан |
Қарасай ауданы бойынша 2015 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы аясында 48 орта мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылған. Еріктілер клубы 7 мүшеден құрылған. Мектептерде «Адал ұрпақ» еріктілердің кабинеттері, стендттері жасалынған. Барлық білім мекемелерінде жылдық жоспары құрылған. Клубтың негізгі мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу, көріністерін барынша азайту. Сыбайлас жемқорлыққа көзқарасты қалыптастыру, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жылдық жоспарға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырптарына арналған конференция, дөңгелек үстел, сахналық қойлымдар көрсету, флэшмоб билерін билеу, өлеңдер шығарып оқуда. 9-11 сынып оқушыларымен «Адал ұл ер боп туса, ел тірегі» тақырыбында «Азамат» тобының ақпараттық насихат сағаты, «Адал да сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында сурет көрмесі, қаңтар-ақпан айларында «Санаңды сақта жас ұрпақ» тақырыбында лекция оқылып онлайн форматта акция жүргізілді. 2018-2019 жылдары мектеп оқушылары арасында "Адал ұрпақ" слеті өтті. Бұл-мектеп оқушылары арасында ұйымдастыралатын дәстүрлі шара. Мақсаты-жастарды сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақыру. Ең бірінші аймақтық кезең өткізілді. Аймақтық кезеңге 500-ден астам оқушы қатысып, 5 мектеп аудандық кезеңге өтті. Аудандық кезеңге 100-ге жуық оқушы қатысты. Ең үздік деп танылған «Адал ұрпақ» клубы Байжанов атындағы орта мектеп оқушылары болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңге аудан атынан қатысқан Байжанов атындағы орта мектеп оқушылар ІІІ орын иеленді. |
|
11. |
БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта үздік журналистік жарияланымдарға конкурстар өткізу |
жыл сайын, 20 шілдеден кешіктірмей |
2020 жылы ауданның БАҚ өкілдері арасында өткізілген облыстық «Самғау» байқауында «Karasayinfo.kz» үздік әлеуметтік желі жүлдесін жеңіп алды. |
|
12. |
Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 -2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ- та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыкқа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау
|
жыл қорытын дысы бойынша жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей |
Қоғам пікірін есепке алу мақсатында аудан әкімдігінің интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» бөлім ашылып, онда заңдар мен бағдарламалар, стратегияның іске асырылу барысы туралы есеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау қорытындысы бойынша анықтамалық-талдама және ұсыныс бойынша іс-шаралар жоспары туралы ақпараттар орналастырылады. https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karasay/documents/details/153026?lang=ru |
|
13. |
Еңбек шарттарын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге шаралар қабылдау мен мониторинг жүргізу |
Жарты жылдық қорытын дысы бойынша 20 қаңтар мен 20 шілдеден кешіктірмей |
Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында еңбек шартын жасау жөнінде жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 2018-2020 жылдар аралығында 1092 жұмыс берушілермен қызметкерлер арасында 30562 еңбек шарттары жасалып, «Е-HR” жүйесіне тіркеуге қол жеткізілді. |
|
14. |
Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптас-тыруға қатысушыларды жауапкершілікке тарту мен жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау |
2018 жылдың 4-тоқсаны |
Бюджетті қалыптастыруда бағдарлама әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметкерлері әр сала бойынша жауапты болып белгіленген. «Ашық бюджет» жобасы бойынша тұрғындарға бюджеттен бөлінген қаражат туралы толық ақпаратты білуге және бюджеттік шығындарды бақылауға мүмкіндік берілді. |
|
15. |
Ірі сауда объектілерінің (дүкендердің, сауда үйлерінің) құрылысын инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қосу мәселесін пысықтау |
2018 жылдың 4-тоқсаны |
Қарасай ауданының инвестициялық артықшылықтар берілетін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне мына нысандар енгізілді: «Бизнестің Жол Картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 2018 жылдың мамыр айында «Молл Апорт» сауда ойын-сауық орталығы алаңын кеңейту-жаңғырту жұмыстары аяқталып, жалпы кешен алаңы 50 мың шаршы метрге ұлғайтылды. «Хоум Март» ЖШС және «Агро Лэнд» ЖШС жалпы 8,7 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Аталған жоба бойынша 3000 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2018 жылдың тамыз айында Алматы – Бішкек тас жолының 14 шақырымында «Leroy Merlin» ЖШС–і құрылыс заттарын сатуға арналған сауда кешені ашылды. Жобаға тартылған инвестиция көлемі 6 млрд. теңгені құрап, 300 жаңа жұмыс орны ашылды.Сонымен қатар «Роза Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізгі капиталға қосымша 35 млн. теңге инвестиция тартып, ескі ғимарат желілерін жаңартып, жаңа сауда үйін ашып, 35 жұмыс орны құрылды. |
|
16. |
Квазимемлекеттік сектордың ашықтығын арттыру мақсатында, оның ішінде тауарды немесе көрсетілетін қызметті егжей-тегжейлі сипаттай отырып, тендерді ұтып алған тұлға, баға туралы толық ақпаратты, сондай-ақ өндіруші туралы ақпаратты жариялау жолымен оның сатып алу тетігін жетілдіру |
2018 жылдың 4-тоқсаны |
Квазимемлекеттік секторларындағы мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Респуликасының «Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 4 - бабының 4-тармағына сәйкес жүргізіледі. Барлық мемлекеттік сатып алулар Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өткізіледі. Бұндағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық қызметке біртұтас қол жеткізе отырып мемлекеттік сатып алуларда тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және жабдықтаушы ретінде Интернет желісіне қосылған кез келген компьютерден қатысуына мүмкіндік береді. |
|
17. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік сұхбат (сауалнама) түсіру және интернет желісінде тарату |
Жарты жылдық қорытын дысы бойынша, 20 шілде мен 20 желтоқсан нан кешіктірмей |
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауы мүмкін фактілерді анықтау, оларға жол берілген себептермен жағдайларды анықтау мақсатында ауданның 600 респонденті арасында сауалнама жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне байланысты респонденттердің жауабының анализі интернет желісінде таратылды. |
|
18. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған театрлық қойылым ұйымдастыру және мемлекеттік қызметшілердің, мұғалімдердің, дәрігерлердің, тағы басқалардың қойылымдарға баруы |
жыл сайын, 20 желтоқсан- нан кешіктірмей |
2018 жыл. Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Іргелі ауылдық мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында қойылым, қыркүйек айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты тақырыпта жас мамандармен пікірталас өткізілді. 2019 жылы. Ақпан айында мәдениет үйі «Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі»» атты фильмді аудан тұрғындарына, сәуір айында колледж студенттеріне ұсынды. 2020 жылы. Наурыз айында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты видеоролик дайындалып, әлеуметтік желіде таратылды. (Инстаграмм, Фейсбук т.б) https://m.facebook.com/story .php?story_fbid373225360436541&id=100032472412170 |
|
19. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үгіт-насихат материалдарын дайындау және тарату (МҚІСҚАД келісім бойынша)
|
тоқсан сайын
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 2018 жылы ауданда жалпы 5 банер дайындалды. 2019 жылы 11 видеоролик трансляцияланып, таратылып, 3 банер ілінді. 2020 жылы көрнекі үгіт құралдарын дайындауға бюджеттен 2020 жылы 2 млн. теңге қаржы бөлініп, 8 банер, 3 танымдық видеоролик дайындалып, 500 жадынама таратылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тоқсан сайын 300 ақпараттық түсіндірме парақшалары әзірленіп, тұрақты түрде таратылады. |
|
20. |
Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған семинарлар, дөңгелек үстелдер, дәрістер өткізу |
тоқсан сайын
|
2019 жылы барлық мемлекеттік органдар мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты белсенді жүргізу мақсатында 5 рет дөңгелек стол ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызмет агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп 2 рет кездесулер өткізілді. 2020 жылы Сыбайлас жемқорлық тақырыбында, әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша 5 мемлекеттік органдардың қатысуымен (Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ішкі саясат бөлімі, Қаскелең қаласы және Шамалған ауылдық округі әкімдерінің аппараттары) семинар өкізілді. Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Жадынамалар таратылды. Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдары әзірленіп таратылды. |
|
21. |
Азаматтардың шағымдар мен өтініштерінде сыбайлас жемқорлық фактілері болуы туралы ақпаратты талдау |
тұрақты түрде
|
2018-2020 жылдар аралығында Қарасай ауданы әкімі аппаратына азаматтардың шағымдар мен өтініштерінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген жоқ. Мемлекеттік органдар ғимараттарында Әдеп кодексінің мәтіні, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдауға арналған «Жәшіктер» және «Сенім телефоны» орнатылған. |
|
22. |
Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шараларды өткізу |
09 желтоқсан ға |
«Nur Otan» партиясының аудандық филиалы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Ізгілік елшісі», «Адал ұрпақ, Адал азамат» атты волонтерлық акциялар шеңберінде, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналарға көмектер көрсетілді. Мектептерде 2019 жылы «Адал Ұрпақ» еріктілер клубтары аясында 53 іс-шара ұйымдастырылса, 2020 жылы 62 іс-шара өткізілді. 2020 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудан аумағында барлығы 139 іс-шара ұйымдастырылып, онда 5 мыңға жуық адам қамтылды. |
|
23. |
Бюджеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған семинарлар, дөңгелек үстелдер, лекциялар өткізу |
тоқсан сайын
|
Қараасай ауданы бойынша 2018 жылы әртүрлі деңгейде (семинар, дөңгелек үстелдер мен пікір сайыстар) 119 іс-шара, 2019 жылы 123 іс-шара , 2020 жылы 139 іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 2020 жылы білім беру ұйымдарында «Жемқорлыққа жол ЖОҚ!», тақырыбында 8 дөңгелек үстел, 38 сынып сағаты, ата аналар арасында «Жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында 18 жиналыс ұйымдастырылды. |