"Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 2020 жылға арналған бюджеттік бағдарлама бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру үшін елді мекендерді жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджет қаражаты есебінен 606 921.0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 69 217,9 мың теңге бөлінді.
Осы бағытта Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сатып алу басқармасының "біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін Конкурс" тәсілімен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу жүргізілді. Аталған нысан бойынша конкурс жеңімпазымен "САПА Құрылыс 2007" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 817 392,03 мың теңге сомасына БСН 070340007367 шарт жасалды. Жұмыстар 2020 жылдың сәуір айында басталып, Шартқа сәйкес 2021 жылдың мамыр айында аяқталады.
2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық көлемде игерілді.
Қосымша: шарт және жұмыстарды қабылдау актісі түсіндірме жазбамен қоса беріледі.