«Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекцисы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджетінің орындалу есебіне түсіндірме жазба

"Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 2020 жылға арналған бюджеттік бағдарлама бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру үшін елді мекендерді жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджет қаражаты есебінен 378 259.062 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 46 951,0 мың теңге бөлінді.

Осы бағытта Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сатып алу басқармасының "біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін Конкурс" тәсілімен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Алматы облысы Қарасай ауданы Бекболат ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу жүргізілді. Аталған нысан бойынша конкурс жеңімпазымен 398 717,43 мың теңге сомасына "CK-KazAlem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі БСН960940001653 шарт жасалды. Жұмыстар 2020 жылдың маусым айында басталып, Шартқа сәйкес 2020 жылдың желтоқсанында аяқталды.

2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.

Қосымша: шарт және жұмыстарды қабылдау актісі түсіндірме жазбамен бірге қоса берілді.

Дата публикации
08 апреля 2021