"Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 2019 жылға арналған бюджеттік бағдарлама бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру үшін елді мекендерді жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыруға республикалық бюджет қаражаты есебінен 242821.0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 37 746,0 мың теңге бөлінді.
Осы бағытта Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сатып алу басқармасының "Ашық конкурс" тәсілімен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылының кәріз жүйесін қайта құру және салу жүргізілді. Аталған нысан бойынша конкурс жеңімпазымен 265 908,7 мың теңге сомасына "Фирма Еламан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі БСН 980840003481 шарт жасалды. Жұмыстар 2018 жылдың сәуір айында басталып, Шартқа сәйкес 2019 жылдың қараша айында аяқталды.
2020 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.
Қосымша: шарт және жұмыстарды қабылдау актісі түсіндірме жазбамен бірге қоса берілді.