"Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 2019-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елді мекендерді жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 156 443.0 мың теңге бөлінді.
Осы бағытта Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сатып алу басқармасының "Ашық конкурс" тәсілімен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылының кәріз жүйесін қайта құру және салу жүргізілді. Аталған нысан бойынша конкурс жеңімпазымен 147 817,90 мың теңге сомасына "ПМК-602" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі БСН 040140006742 шарт жасалды. Жұмыстар 2019 жылдың маусым айында басталып, Шартқа сәйкес 2021 жылы аяқталды.
2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.
Қосымша: шарт және жұмыстарды қабылдау актісі түсіндірме жазбамен бірге қоса берілді.