"Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыру үшін елді мекендерді жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыруға 2020 жылға арналған бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 606 921.0 мың теңге, республикалық бюджет қаражаты есебінен 302 260,0 мың теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттен 33 585,0 мың теңге.
Осы бағытта Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сатып алу басқармасының "біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін Конкурс" тәсілімен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Алматы облысы Қарасай ауданы Қайнар ауылының кәріз жүйесін қайта жаңарту және салу жүргізілді. Аталған нысан бойынша конкурс жеңімпазымен 289631,76 мың теңге сомасына "САПА ҚҰРЫЛЫС 2007" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі БСН 070340007367 шарт жасалды. Жұмыс 2020 жылдың мамыр айында басталып, Шартқа сәйкес 2021 жылдың мамыр айында аяқталады.
2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.
Қосымша: шарт және жұмыстарды қабылдау актісі түсіндірме жазбамен бірге қоса берілді.