Қарасай ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-шаралар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы ақпарат

Қарасай ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-шараларҚазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес жүргізілуде.

Қоғам пікірін есепке алу мақсатында аудан әкімдігінің интернетресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі ашылып, онда заңдар мен бағдарламалар, стратегияның іске асырылу барысы туралы есептер мен ақпараттар жарияланады.

Қарасай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның құрамы жаңартылып, депутаттар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізілді.Комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында жүргізілген ақпараттық-насихаттық жұмыстар туралы, қызмет салалары сыбайлас жемқорлыққанеғұрлым бейімболып табылатын мемлекеттік органбасшыларының есептері,«Жетісу-адалдық алаңы» жобасының жұмысы қаралады.

Тұрғындарға қолайлы болу үшін аудандық әкімдіктің 1-қабатында «Жетісу - адалдық алаңы»жобасы бойынша «Опен спейс» форматында кеңсе ашылды,  9 мектеп«Опенспейс» форматына көшіріліп,барлық мектеп директорлары1-қабатқа орналастырылды .Полиция басқармасында «Фронт офис» жұмысын жүргізуде.

2019 жылғы 1 желтоқсанда облыстағы ауылдық округтер бойынша алғашқы «Сервистік әкімдік»Шамалған ауылында ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Осындайсервистік әкімдіктер 2021 жылы- Қаскелен қаласы мен Жандосовауылында, 2022 жылы - Іргелі, Жібек жолы ауылдарында, 2023 жылы – Елтай ауылында ашу жоспарланған. Сервистік әкімдік халыққа барыншақолайлы жағдай жасап қана қоймай, тұтынушылардың қызметін кедергісіз алуына мүмкіндік береді.Аудандағы мекемелер мен ұйымдарда 106  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарыжасақталды,

        «Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесіжүзеге асырылған сәттен бастап құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың басшылары азаматтарды кезекті және кезектен тыс қабылдау жүргізеді.«Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің желілік кестесіне сәйкес, жыл ішінде116 іс-шара ұйымдастырылды.2021 жылға арналған желілік кесте бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.Әлеуметтік желіде(Фейсбук, Инстаграмм) парақшалары ашылды.

2020 жылғы «Еріктілер жылына» орай,Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен қолға алынған,мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қоғам арасында еріктілікті дамыту мақсатында «Адал көмек»жобасы іске асырылуда.Аталған шара 3 ретаудандық мәдениет үйінде  ұйымдастырылып,шектеу шараларына  байланысты 15 рет онлайн форматында өткізілді.Апта сайын тікелей эфирге белгілі сала мамандары, жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары шығып, азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, өз бағытындағы атқарылған жұмыстары туралы баяндауда.Әлеуметтік желілерде жаңа тікелей эфир шыққаннан кейін бұл жаңалық интернет-пайдаланушылар арасында оң пікір қалыптастырып, азаматтар арасында жоғары белсенділікті көрсетті.

Аудан аумағында Сыбайлас жемқорлық тақырыбында 11 баннер ілініп, «Заман Жаршысы» газетінде 51 мақала жарық көрді.

         «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Ізгілік елшісі», «Адал ұрпақ, Адал азамат» атты волонтерлық акциялар шеңберінде, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналарға көмектер көрсетілді. Мектептерде өткен жылы құрылған «Адал Ұрпақ» еріктілерклубтарыаясында 53 іс-шараұйымдастырылса, биылғы жылы 62 іс-шара өткізу жоспарлануда.

         2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізілді. 

           17 квазимемлекеттік сектор субъектілерінесыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер құруға ұсыныстар берілді. 

          Кәсіпкерлікті және инвестицияларды қорғау бойынша «ПротектинБизнесандИнвестменс» жобасын іске асыру бағытында, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұсынған «келісімді» аудандық кәсіпкерлік бөлімі  ірі кәсіпорындар мен жаңадан келіп жатқан инвесторлар арасында түсіндіріп, іске асыруға бастамашыл болуда. Алғашқы болып «Алматы тұрмыстық техника зауыты» ЖШС-імен келісім жасалды.                      

Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Сыбайлас жемқорлық біз үшін жат» акциясы аясында мемлекеттік орган басшылары өздерінің парақшаларында кірістерін жариялауда.

           Мемлекеттік қызметшілермен «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында 5 ретдөңгелекүстелұйымдастырылып, заңға енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Жадынамалар таратылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында көрнекі үгіт құралдарын дайындауға бюджеттен, 2021 жылы – 2 млн.теңге  қаржы бөлінді.  

  «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы»жобасы бойынша тұрғындарға бюджеттен  бөлінген қаражат туралы толық ақпаратты білуге және бюджеттік шығындарды бақылауға мүмкіндік берілді.

         Қарасай ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын-алу бағытындағы  жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады және аудан әкімі мен аппарат басшылығының ұдайы бақылауында тұрады.

Дата публикации
25 марта 2021