Қарасай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Қарасай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
  2. Қарасай аудандық мәслихатының «Қарасай ауданының әлеуметтік көмек

көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 26 ақпандағы № 25-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4574 тіркелген, 2018 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған)шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтікқорғау,білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл және спорт жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
проект
Дата публикации
18 февраля 2021