2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағы және 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 23 342 121 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 13 120 852 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 12 822 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 958 768 мың теңге;
трансферттер түсімі 9 249 679 мың теңге;
2) шығындар 22 992 079 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 166 294 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 234 898 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 68 604 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 183 748 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) (-) 183 748 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 234 898 мың теңге;
қарыздарды өтеу 712 686 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 294 040 теңге.