Қарасай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарасай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшеріосы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Қарасай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 ақпандағы «Қарасай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4542 болып тіркелген, 2018 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Назарбаева Айжан Нұрділдаевнаға жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
08 января 2020