Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы 2020 жылғы АҚПАРАТ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесіне арналып, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту тапсырылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы                 19 тамыздағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Кеңесте: «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әрекетсіздік халықтың наразылығын тудырып, құқықтық нигилизмге әкеп соғады. Сонымен қатар бұл жауапты және заңға бағынатын мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына кері әсер етпеуі тиіс» екенін атап көрсетті.     

Қарасай ауданы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар «Қазақстан Республикасындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  стратегиясын  іске асыру  және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп келеді. Аталған шараны іске асыру  мақсатында аудандық әкімдіктің 2018 жылғы 11 қазандағы №441 қаулысымен Қарасай ауданы бойынша   іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қарасай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның жаңа құрамы аудандық маслихатпен бекітілді. Комиссия құрамына аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізілген. Комиссияның 2020 жылға бекітілген  жұмыс жоспарына сәйкес, 20 наурызда, 14 тамызда, 7 қазанда,                           14 желтоқсанда  кезекті отырыстары өткізіліп, онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында жүргізілген ақпараттық-насихаттық жұмыстар туралы, сондай-ақ Қарасай ауданы бойынша Қазақстан Республикасындағы 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы стратегиясын  іске асыру  іс-шаралар жоспарының орындалысы жөнінде аудандық жер қатынастар бөлімі мен аудандық білім бөлімі басшыларының есебі, Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыстың орындалысы, «Жетісу-адалдық алаңы» жобасының жұмысы қаралды.

Мемлекеттік органдар ғимараттарында Әдеп кодексінің мәтіні, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдауға арналған «Жәшіктер» және «Сенім телефоны» орнатылған. Тұрғындарға қолайлы болу үшін аудандық әкімдіктің 1-қабатында «Жетісу - адалдық алаңы» жобасы бойынша «Ореn sрасе» форматында кеңсе ашылып, кеңсе жұмысына жауапты болып аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды.

«Жетісу-адалдық алаңы» жобасының желілік кестесіне сәйкес жыл басынан бері 116 шара ұйымдастырылды. "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жүзеге асырылған сәттен бастап аудан әкімі, оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың басшылары азаматтарды кезекті және кезектен тыс қабылдау жүргізуде.  

           2020 жылғы «Еріктілер жылына» орай мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам арасында еріктілікті дамыту үшін азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында «Adal komek» жобасы іске қосылды. Осы жобаны халықтың әлеуметтік осал тобына аса маңызды кұқықтық мәселелер бойынша тұрақты түрде тегін кеңес беру үшін заңгерлерді, адвокаттарды, нотариустарды, сондай-ақ беделді азаматтарды қарастыра отырып өткізілуде. Аталған шара 3 рет аудандық мәдениет үйінде өткізілсе,(7 ақпанда, 28 ақпанда, 4 наурызда) елдегі карантиндік шараларға байланысты  16 рет онлайн форматында өткізілді. Апта сайын тікелей эфирге белгілі сала мамандары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары шығып азаматтардың сұрақтарына жауап беріп,   өз бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндауда. Әлеуметтік желілерде жаңа тікелей эфир шыққаннан кейін бұл жаңалық интернет-пайдаланушылар арасында оң пікір қалыптастыруда, соның ішінде азаматтар арасында жоғары белсенділікті көрсетуде. Интернет-пайдаланушылар мұндай жаңашылдықтар мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қол жетімділігін куәландыруда және үйден шықпай-ақ жауаптар мен заң кеңестерін алуға мүмкіндік беруде.

         Шамалған ауылында сервистік әкімдік «Ushkonyr – adaldyk alanu» ашылып, халыққа қызмет көрсетуде, сондай-ақ, жергілікті полиция басқармасында «Фронт офис» өз жұмысын жүргізуде. «Жетісу адалдық алаңының» және «Ushkonyr – adaldyk alanu» сервистік әкімдіктің жұмысын халыққа таныту мақсатында танымдық видеоролик және видеосюжет жасалып, әлеуметтік желілерде кеңінен таратылды.

          2020 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудан аумағында барлығы 139 іс-шара ұйымдастырылып, онда 5 мыңға жуық адам қамтылды. Сыбайлас жемқорлық тақырыбында 7 баннер ілінді, «Заман Жаршысы» газетінде 35 мақала жарық көрді.                                       «Nur Otan» партиясының аудандық филалы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп кездесулер өткізіп, «Саналы ұрпақ» жобасын жүзеге асыру мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығы «Ізгілік елшісі» атты акция ұйымдастырып азаматтарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналарға құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетті. Жастар арасында «Адал ұрпақ, Адал азамат» атты волонтерлық акция өтті.  «Адал жол» атты 10 іс-шара ұйымдастырылды. Шараға аудан жастары, ҮЕҰ, ҚКК мүшелері, ардагерлер  барлығы 560 адам. қатыстырылды.Сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  жөніндегі  жұмыс  жоспары  бекітілді.

        Ауданның білім беру ұйымдарында  ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мектеп директорлары 1-қабатқа орналасты және 9 мектеп «Ореn sрасе» форматына көшті. «Адал ұрпақ» бағыты бойынша мектептерде ашық сабақтар ұйымдастырылып, «Жемқорлық ел індеті» атты окушылар арасында сурет байқауы, «Жас ұрпақ жас қанат» атты онлайн ашық дебаттар, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мектеп оқушылары арасында «Жемқорлыққа жол ЖОҚ!», тақырыбында 8 дөңгелек үстел, 38 сынып сағаты,   ата аналар арасында «Жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында 18 жиналыс ұйымдастырылды.  Білім беру мекемелерінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мен колледждерде «Саналы ұрпақ», «Таза сессия» акциялары тұрақты ұйымдастырылып  келеді.  Студенттер арасында сауалнамалар жүргізіліп,  «ТАЗА СЕССИЯ» атты конкурс ұйымдастырылды.

         Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін мекемелердің басшылары және жауапты қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді, онда ішкі талдау жүргізудің нұсқаулықтары таратылды.     

         2020 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысымен Қарасай ауданының  жергілікті атқарушы органдары, бөлімдер мен қала, ауылдық округтер әкімдері аппараттарында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмыс топтары құрылып, екі бағыт бойынша ішкі талдау жүргізілді. Қорытындысы бойынша анықтамалық-талдама және ұсыныс бойынша іс-шаралар жоспары аудандық әкімдіктің интернет-ресурстарында орналастырылды.  Сыбайлас тәуекелдері анықталған жоқ.

         Аудан әкімі аппараты мен қала, ауылдық округ әкімдері аппараттары мен бөлімдердің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында 2020 жылға арналған жоспары жасақталып, әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланды.

         Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес Қарасай ауданының әкімдігі бойынша 2020 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мақсатында Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасынан және бұқаралық ақпараттық құралдарына жарияланған мәліметтер жинақталып, әлеуметтік зеттерулер жүргізілуде.                    

  Барлық мемлекеттік органдар мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас     жемқорлыққа қарсы саясатты белсенді жүргізу мақсатында 5 рет дөңгелек стол ұйымдастырылды. Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу мен оны түбегейлі болдырмау, қоғамда оны қабылдамау мәдениетінің қалыптастыру мақсатында Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына бірнеше рет  өзгерістер мен толықтырулар енгізді. (26 қараша 2019 жыл, 6 қазан2020 жыл)  Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Жадынамалар  таратылды. Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу және кейіннен мүдделер қақтығысы мен этикалық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және реттеу бойынша практикалық оқу құралдары әзірленіп таратылды.    

          Мемлекеттік қызметшілердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуде олардың міндеттері мен құқықтары Лауазымдық нұсқаулық-тарында қарастырылған.

         Мемлекеттік шешімдер қабылдауда азаматтардың қатысу белсенділігі-нің деңгейін арттыру мақсатында Қарасай ауданы әкімімен және Қарасай ауданының әкімдігімен қабылданған 9 нормативтік құқықтық актілер «Ашық НҚА» интернет порталында көпшілік талқылауы үшін жарияланды.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында көрнекі үгіт құралдарын дайындауға бюджеттен 2 млн. теңге қаржы бөлінді.   

         Ашық бюджеттік интерактивтік картасы  бойынша  бюджет қаржатының жұмсалуы туралы ақпаратты баршаға колжетімді болуы қамтамасыз етілді.  Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді,  Әдеп жөніндегі уәкіл ауылдық округтерге шығып семинар мен  дәрістер өткізді.  Ағымдағы жылдың басынан ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 170 респондентпен анонимді сауалнама жүргізілді.  20 азамат әр түрлі жеке сұрақтарымен қабылдауда болды. Әдеп кодексінің талаптарын орындау туралы аудан бойынша округ әкімдерінің, бөлімдер басшыларының атқарған жұмыстарының есептері кестеге сәйкес әр тоқсанның соңында тыңдалады. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында 10 бөлімдер басшылары және 8 округ әкімдері баяндама жасады.

2020 жылы электронды форматтағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау бойынша түрлі деңгейдегі 57 іс-шара өткізіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет берушілермен                        11 семинар өткізілді,  бұқаралық ақпарат құралдарында 50 мақала жарияланды, мемлекетік қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында 9 мекемеге қоғамдық мониторинг жүргізіліп ұсыныстар берілді, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды насихаттауға арналған 9 билборд ілінді, Республикалық телеарнада                            5 репортаж түсіріліп, 1 бейнеролик әзірленді.  Аудан бойынша 116 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.11 ауылдық округ әкімдіерінде, 15 аудандық бөлімдерде, 51 мектепте, 10 балабақшада, 21 медицина ұйымдарында,                           7 колледжде және 1 университетте. Карантиндік іс-шараларға байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы жаңа қарқын алды. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығы тек қағаз түріндегі қызметтерді көрсетуіне байланысты аталған бұрыштардың саны әлі де көбеюде.   Аудандық қоғамдық кеңесінің отырысында 3 рет мемлекеттік қызметтер туралы түрлі баяндамалар оқылып, ұсыныстар еңгізілді.

Дата публикации
21 декабря 2020