Қарасай ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбiмен схемаларын бекіту туралы

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес,  Қарасай  ауданының  әкімдігі  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қарасай ауданының  шалғайдағы  елдi  мекендерде тұратын балаларды  жалпы  бiлiм  беретiн   мектептерге   тасымалдаудың  тәртiбi  осы қаулының  1-қосымшасына  сәйкес  бекiтiлсiн. 
  2. Қарасай ауданының  шалғайдағы  елдi  мекендерде тұратын балаларды  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептерге  тасымалдаудың   схемалары  осы   қаулының  2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,10, 11,12,13,14,15,16,17,18  қосымшаларына  сәйкес  бекiтiлсiн. 
  3.   «Қарасай  ауданының   білім  бөлімі»  мемлекеттік   мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Алматы облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2)осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Назарбаеваға жүктелсін.
  2. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі No 09-865 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3529 тіркелген, 2015 жылдың 06 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3.   Осы   қаулы  әділет  органдарында  мемлекеттік  тіркелген  күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.
приложение каз 2020
Дата публикации
21 декабря 2020