Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы№463 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы№463 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122             бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Конкурсты ұйымдастырушы:

Қарасай аудандық «білім бөлімі мемлекеттік мекемесі»

040900, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы,

Қаскелең қаласы, Төле би көшесі 7

БСН 101140017883

ЖСК KZ540705034648073001

ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті " ММ

БИКKKMFKZ2A

Байланыс телефондары: +7(72771)3-90-79, факс+7 (72771)2-10-80

Email: KROO_Bux@mail.ru

"Қарасай аудандық білім бөлімі" ММ басшысы А.Жандыбаева тұлғасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

Конкурсқа қатысуға өтінім берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі. Өтінім нысаны еркін.

Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жеке ұйымдары "Қарасай аудандық білім бөлімі" ММ келесі құжаттарды тапсырады::

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;

2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;

3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (меншікті немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;

4)  "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;

5) медициналық кабинетке лицензияның немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы туралы көшірме;

6) "білім туралы"2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнім берушінің балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасы бойынша тамақтану үшін ата-ана төлемақысының белгіленген мөлшерімен қабылдау туралы міндеттемелері. Өнім беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес міндеттемелер нысанын толтырады.

7) тәрбиешілердің педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері қоса беріледі.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.";

Комиссия ұсынылған өтінімдерді отырыста 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Комиссия отырысынан кейін мынадай ақпаратпен конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жасалады:

1) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың оларды қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде құжаттардың сәйкессіздігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген тізбесі;

2) Алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес түзетулері мен толықтырулары бар мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттарды қайта қарау күні.

Конкурстық комиссияның алдын ала рұқсат беру туралы шешімін конкурстық комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасының, қаланың (ауданның) білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық қатысушылар 2021 жылғы 05 қаңтар күні сағат 18.00-ден кешіктірмей Алматы облысы ,Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Төле би көшесі, 7 мекен-жайы бойынша орналасқан "Қарасай аудандық білім бөлімі" ММ-не толық құжаттар пакетін ұсынуы тиіс

Ұйымдардың конверттерін "Қарасай аудандық білім бөлімі" ММ-нің бұйрығымен құрылған комиссия 2021 жылғы 06 Қаңтарда 10 сағат 00 минутта ашады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Қарасай ауданы әкімдігінің интернет ресурсында (http// karasay.Zhetysu.gov.kz/)

Дата публикации
14 декабря 2020