Қарасай ауданында салықсалу объектісінің
орналасқанжерінескеретін аймаққа бөлу
коэффициентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 600-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қарасай ауданы бойынша салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4.Осы қаулы 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Естенов