

Жұмыстың негізгі бағыты - діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.Негізгі мақсаттар:
1) діни ахуалды талдау және дін саласындағы насихаттау;
2) конфессияаралық келісім мен мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын нығайту, дін саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын бақылау;
3) Қарасай ауданының аумағында дін мәселелерін зерттеу.
Ауданымыз бойынша 65 діни бірлестік бар, оның 44-ті мешіттер, 14-і провосшавтық шіркеулер, қалған 7-еуі протестанттық шіркеулер.
Сондай-ақ халық арасында диструктивті діни ағымдарға кіріп кетудің алдын алу шаралары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұдайы жүріп тұрады. Жыл басынан бері АТТ жоспарына сәйкес 45 іс-шара өткізілді. Іс-шараларда елімізге танымал дінтанушы, теолог мамандар келіп дәрістер оқиды. Ауданымызды діни радикалдылық пен экстремизмнен қорғауға Аудан әкімшілігімен сабақтаса Алматы облысының дін істері басқармасы мен аудан имамдары аянбай қызмет көрсетуде