

Қарасай ауданы бойынша 93498 адам спортпен шұғылданады, пайыздық көрсеткіш бойынша 30,7 құрады, ауданда спорт ғимараттарының саны 227 құрайды, қосымша спорт клубтарына қатысатын оқушылар саны 5 116, оның ішінде 46228 мектеп оқушылары оның ішінде 282 ақылы негізде шұғылданады.
Дене шынықтыру және спорт саласында 773 адам жұмыс істейді, оның ішінде:
- 627 дене шынықтыру мұғалімі;
- Университеттер мен колледждердің 19 оқытушысы;
- 75 жаттықтырушы;
- 35 нұсқаушы;
- 1 қызметкер;
2021 жылы 4 онлайн спорттық іс-шаралар өткізілді, қатысушылар саны 1000 адамға жетті. Бұқаралық ақпарат құралдарында өткізілетін спорттық іс-шаралардың кең ауқымы туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі веб-сайтта (аудан әкімінің сайты, фейсбук) жарияланды. 2-спорт ипподромы, 5-бассейн, 65-спорт залдары, 3 сауықтыру кешен және 4 – балалар жасөспірмдер спорт мектебі бар. Спорт мектептерінде 13 секция бар: баскетбол, бокс, еркін күрес, волейбол, грек-рим, жеңіл атлетика, үстел теннисі, таэквондо, футбол, шаңғы, дзюдо, тай боксы және қазақ күресі. Ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын адамдардың санын арттыру мақсатында "Жігер-М", "Киокушин каратэ карате", "Жас Қыран", "Парасат" футбол мектептері, Береке ауылында ауыл жастары үшін футбол алаңы пайдалануға берілді.
2021 жылы Әйтей ауылында құны 228 млн. теңге болатын әуе күмбезді, көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп, желтоқсан айында қолданысқа берілді.