Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңындағы 8-баптың 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2 және 4-тармақтарына сәйкес, 2025 жылғы 3-24 сәуір аралығында «Іле ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ұсыныстарыңыз немесе ақпараттарыңыз болса, 8 (72752) 2-00-92 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.