🔰2025 жылғы көктемгі дала жұмыстары

🔰2025 жылғы көктемгі дала жұмыстары

2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы
56,9 мың гектарды құрайды. 10,9 мың гектар суармалы егістік, 46,0 мың гектар тәлім жерлер.
2025 жылдың көктемгі дала жұмыстары: 6,0 мың гектар күздік дақылдар және 32,8 мың гектар көпжылдық шөптерді тырмалаудан басталады. Сонымен қатар, көктемгі мезгілде 17,9 мың гектар жер жырту жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында, 6,7 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алу жоспарлануда.
Тұқымдық материалға жалпы қажеттілік: жаздық арпа 648 тонна, жүгері 127 тонна, майлы дақылдар
112 тонна, картоп 1062 тоннаны құрайды.
Техника жаңарту
Ауданның машина-трактор паркінде 701 дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Көктемгі дала жұмыстарына 193 трактор, 140 соқа, 100 тырма, 64 қопсытқыш, 110 тұқым сепкіш тартылады.
Су үнемдеу технологиясы
2025 жылы 4,5 мың га жер көлеміне су үнемдейтін технологияларды қолданысқа енгізу жоспарланған.
«Кең Дала» несиелік бағдарламасы
2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 10 шаруашылық «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамына «Кең Дала» бағдарламасы бойынша егін егу және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие алу үшін 416,0 млн.теңгеге өтінім берілді. Қазіргі күні «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамында өтінім қаралуда.