
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес. Іле ауданы бойынша Мемлекеттік білім беру тапсырысы 200 орындық балабақшаларда орналастырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Конкурстық өтінімге кіретін іс-құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы қол қояды, мөрмен расталып 2 данада. Ақ конвертпен ұсынылады А/4.
Конкурсқа қатысу үшін өтініштері қабылдау 2025 жылдың 26,27,28 ақпан айында Өтеген батыр кенті, Титов көшесі № 24 үй мекен жайы бойынша "Іле ауданының білім бөлімі" ММ-де өткізіледі. тел: 87275229866.