
Автокөлік жолаушылары – жол қозғалысына қатысушылардың ең осал тобының бірі. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендердің шамамен 40%-ын көлік жолаушылары құрайды. Әлем бойынша көліктер санының артуы апаттардың көбеюіне және жүргізушілер мен жолаушылар арасында жарақат алу деңгейінің өсуіне себеп болды.
Жол-көлік оқиғалары кезінде жүргізуші мен жолаушыларды жарақаттан қорғаудың ең тиімді шараларының бірі – қауіпсіздік белдігін пайдалану. Қауіпсіздік белдігі – жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші мен жолаушылардың жарақат алу ауырлығын азайтуға мүмкіндік беретін ең тиімді құрал.
Автокөлік апаттарында ең қорғалмағандар – балалар. Тестілеулер көрсеткендей, қарапайым автокөлік орындықтары мен олардың құрылымында қарастырылған белдіктер бойы 135 сантиметрден төмен жолаушыларды қорғай алмайды. Алдыңғы соққы кезінде кішкентай жолаушы белдіктен оңай шығып кетеді!
Баланы ананың қолы да құтқара алмайды, өйткені көбінесе кішкентайлар анасының құшағында "ыңғайлы" орын табады. Мамандардың айтуынша, көлік сағатына бар болғаны 60 километр жылдамдықпен кедергіге соғылғанда, жолаушының салмағы он есеге артады, ал сәбиді қолда ұстау мүмкін болмай қалады!
Егер көлікте балалар орындықтары болмаса, балалардың алтыдан бірі қаза табады, ал үштен бірі өмір бойына мүгедек болып қалады! Мұндай жағдайларда балаларды ұстап тұруға арналған құрылғылар баланың қауіпсіздігін іс жүзінде 100% қамтамасыз етеді!
Өзіңіз бен жолаушыларыңыздың өмірін сақтаңыз!