Қоршаған ортаға әсерді скринингтеуді қарау туралы хабарландыру

Қоршаған ортаға әсерді скринингтеуді қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) қарауға келіп түсті:

  • «Алматы облысы Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округіндегі 133,43 га аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» бойынша стратегиялық экологиялық бағалау есебінің қамту саласын айқындау;
  • «Алматы облысы Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округіндегі 133,43 га аумақты егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» жобасына жалпы түсіндірме жазба.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Archibureau» ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: "Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты тұлға: Алназарова М. С.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Тұрғындарды (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  1. Жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ете ала ма? Егер солай болса, бұл қандай әсерлер, және оларды неге маңызды деп санайсыз?
  2. Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет, және неге?
  3. СЭБ жүргізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады, және неге?
  4. Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2035 жылға дейін.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 28 қарашадан 11 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық саясат департаменті. Тел.: +7 776 941 42 11; +7 (7172) 74 08 90.
E-mail: r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz.

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде жіберуге болады:

  • электронды түрде Экология министрлігінің кеңсесіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (құжаттардың қабылданғанын +7 7172 74 08 44 телефоны арқылы нақтылау қажет);
  • e-mail: r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz;
  • WhatsApp нөміріне: +7 776 941 42 11.

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

  • Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі → «Негізгі құжаттар» бөлімі → «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
  • Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің сайтында.