
Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпы республикалық референдум 6 қазанда өтеді. Алматы облысының тұрғындары өз референдум учаскесі туралы ақпаратты үйден шықпай-ақ, бірнеше әдіспен біле алады, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігінің ресми сайты.
Алматы облысының әкімдігі өз референдум учаскесі туралы мәліметтерді жылдам алуға мүмкіндік беріп отыр. Оны келесі жолдармен жасауға болады:
- Ресми веб-қызмет: https://sailau.almobl.kz/

IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша
Облыс учаскелерінің ақпараттық анықтамалық картасы арқылыhttps://sailau.almatyregion.kz
Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/sailau_almobl_bot