
«Мен кәсіпкер» аясында құрылған Бір ауыл - бір өнім» жоба Алматы облысының барлық аудандарында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жетекшілігімен өткен еді. Алғаш болып Жапон елінде белең алған «Бір ауыл - бір өнім» жобасы бүгінгі күні еліміздің экономикасында ауыл инфрақұрылымын дамытуға зор үлесін қосуда.
«Бір ауыл - бір өнім» жобасының басты мақсаты - өңірлерді дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті, сапалы өнім өндіріп шығаруына кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сертификаттаудан өткен әрі сұранысқа ие бірегей өңірлік өнімді жасауға ауыл тұрғындарын тарту.
«Бір ауыл - бір өнім» жобасы бойынша, өнімдер маркетингтік қолдауға ие болып, брендттеліп, сертификатталатын болады. Бұл жергілікті тауарларға деген сұранысты арттырып, экспортқа шығуына мүмкіндік беретіні анық. Іле ауданында өткен көрмеде үздік деп танылған туындылар «Бір ауыл - бір өнім» республикалық көрмесіне қатысып, жеңімпаз атанып 5 млн теңгеге дейін грант ұтып алу мүмкіндігіне ие. Бүгінгі күні ұйымдастырылып отырған іс-шара - жергілікті кәсіпкерлердің кәсіби өсуіне ықпал етіп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.