Іле ауданында «Жер-2024 командалық штабтық оқу-жаттығуы

Іле ауданында «Жер-2024 командалық штабтық  оқу-жаттығуы

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс - қимылдарын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ  азаматтық қорғау қызметтерінің, басқару органдарының күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі туындаған кезде ТЖ жоюға дайындау  мақсатында 2024 жылдың 5- ші маусым күні Іле ауданы әкімінің орынбасары А.Ж.Құрманғалиевтің төрағалығымен «Жер-2024» командалық штабтық  оқу-жаттығуы Өтеген батыр ауылында «ЖК Элит» тұрғын үйінде өткізілді.  Аталған оқу жаттығуға Іле ауданының азаматтық қорғау қызметтері Өтеген батыр ауылы №8 ӨСБ және ТЖБ 3 техника 15 қызметкер, Іле ауданының орталық ауруханасы 2 техника 6 қызметкер, Қазақтелеком 1 техника 5 қызметкер, Іле ауданы кәсіпкерлік бөлімі 2 қызметкер, Алатау жарык компаниясы 1 техника 4 қызметкер, аудандық полиция басқармасы 2 техника 6 қызметкер, аудандық санитарлы-эпидемиялық басқару басқармасы 1 техника 6 адам, облыстық трассалық медициналық құтқару пункті 1 техника 5 адам, Қонаев қаласының авариялық құтқару отряды 2 техника 10 қызметкер) жұмылдырылды. Өтеген батыр ауылында орналасқан стадионда 2 палатка құрылып зардап  шеккен халықты қабылдау пункті болып белгіленіп жатын орынмен жабдықталып, эвакуацияланған халық азық түлікпен қамтамасыз етілді.