ҚҰРМЕТТІ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Құрметті Іле ауданының тұрғындары мен қонақтары!

2024 жылғы 15-16 мамыр күні Алматы облысының аумағында "Өрт-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілетінін хабарлаймыз. Оқу-жаттығу барысында халықты хабардар ету жүйелері, азаматтық қорғаудың облыстық жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылатын болады.

2024 жылғы 15 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 12:55-те бүкіл республика бойынша электр сиреналарын, сирена-сөйлеу құрылғыларын іске қосып және теле-радио хабарларын таратуды тоқтата отырып, құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезінде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналары, сирена-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да сигнал беру құралдары қосылады. Бұл «Баршаның назарына!» дегенді білдіреді. Бұл сигналды естіген халық қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен нұсқаулықтар алу үшін қол жетімді ақпаратты қабылдау құралдарын (телеарналар, радио, интернет-сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар және т.б.) дереу қосуы қажет. Алынған ақпаратты туыстарыңыз бен көршілеріңізге дереу жеткізуіңіз қажет.

Ақпаратты "112" және "101" телефон нөмірлері, 8(72772)2-61-33 жедел желі нөмірі және "Дармен" мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан тыныштық сақтауды, дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауды сұрайды