ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ МЕН АУЫЛҒА ҚАРАСТЫ, САЯЖАЙ – КООПЕРАТИВ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ МЕН АУЫЛҒА ҚАРАСТЫ, САЯЖАЙ – КООПЕРАТИВ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев Ащыбұлақ ауылдық округі мен ауылға қарасты, саяжай - кооператив тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен басқосуға әкімнің орынбасарлары, бөлім басшылары, медцина, білім және құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.

Жиын басында, Ащыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлы шараларға қысқаша тоқталып өтті.

Тұрғындар тарапынан, 50-ге жуық мәселерді көтерді.

Олар: «Жағажай» саяжай кооперативінде электр жарығының қымбат болуы; Ащыбұлақ ауылына дәрігерлік амбулатория салу; Саяжай - кооперативтеріндегі  трансформаторларды «АЖК» АҚ балансына өткізу; саяжайларға ауыл мәртебесін беру; қанғыбас ит; округке қарасты, Жәпек батыр ауылындағы ескі түңгі жарық бағаналарын ауыстыру; Ащыбұлақ ауылдық округіндегі саяжайлардың жолдарын жөңдеу, Көкқайнар ауылы мен Алматы қаласы арасында қатынайтын қоғамдық көлік жүргізу; Көкқайнар ауылындағы Астана мен Садовая көшелері қиылысындағы жолды жөндеу; Кокқайнар ауылына су мұнарасын қою; Мира көшесінің жолын жөндеу; Ащыбұлақ ауылындағы Клубная көшесіндегі №7, №13,№15 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын ауыстыру; балалар алаңын салу; ауызсу мәселесі; «Батыр» саяжайынан «Жер Ана» саяжайына дейін жаяу жүргіншілер жолын салу; «Береке» саяжайындағы су, жарық, жол мәселелері т.б. сұрақтар көтерілді.

Кездесулерден соң, аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Бағдат Қарасаевтың жеке қабылдауына 20 жуық адам келді.

Олар: тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беру, тұрғын үй беру, №43 мектепке баратын жолдағы көпірдің жағдайы туралы, Ереванская көшесінің жолын жөндеу сұрақтарымен жүгінді.