А.ТОҚПАНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

А.ТОҚПАНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Аудан әкімі А.Тоқпанов ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Жиында тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Аудан әкімі алдымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, негізгі мақсатты атап өтті.

А. Тоқпанов ауылында өткен аудан әкімінің есептік кездесуі барысында тұрғындар тарапынан нақты - 34 сұрақ көтерілді.

Атап айтқанда, саяжай - кооперативтерге ауыл мәртебесін беру, электр желілерін «АЖК» АҚ балансына өткізу, электр жарығы мен суға тарифтің қымбаттығы,  №31 орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу, футбол спорттық алаңы мен балалар алаңын салу,  көшеге атауын өзгерту,  жаңа аялдама,  жаяу жүргіншілер өткелін орнату,  Кушелеков көшесін жарықтандыру,  оқушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік беру,  ағаш кесу,  Өскенбаев көшесін жөндеу,  Абай көшесін жарықтандыру, Жайнақ ауылында амбулатория салу.

Сонымен қатар, 2 адамды жеке қабылдады. Олар жер телімінің жалға беру  мерзімін өзгерту және материалдық көмек көрсету мәселелерімен жүгінді.