
Аудан әкімі Ақсай ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, жұртшылықтың өтініштері назарда екенін атап өтті.
Аудан басшысы округке қатысты әлеуметтік - экономикалық дамуға бағытталған жоспармен бөлісіп, көтеріліп жүрген мәселелерді атап өтіп, оларды шешу бойынша тиісті жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Жалпы, кездесу барысында, 8 сұрақ көтерілді.
Атап айтсақ: Ақсай ауылы, Ақбұлақ көшесінің жолын жөндеу және су мәселесі; Екпінді ауылында дәрігерлердің жетіспеушілігі; Екпінді ауылына дренаждық канал салу, №27 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу; «Шабыт» ықшам ауданында су құбырлары жүргізілген кеткен жолды жөндеу, мал жайылымына жер телімін беру және т.б мәселелер.
Кездесу соңында, аудан әкімі 6 азаматты жеке қабылдады. Олар: жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беру мен тұрғын үй беру мәселері бойынша жүгінді.
Бағдат Қарасаев барлық сұрақтарға жауап беріп, әр мәселе шешімі бойынша ұсыныс беру үшін ауыл әкімі мен бөлім басшыларына нақты мерзім бекітті.