
Іле ауданы әкімі Боралдай кентінің тұрғындарының мәселелерін тыңдады
Кездесу барысында, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, негізгі жоспарлар мен міндеттерді атап өтті.
Сондай-ақ Боралдай кентіндегі өзекті мәселелерге де тоқталды.
№40 мектепке ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу; Қаратал, К. Әзірбаев, Сарыағаш көшелерінің жолын қалпына келтіру; «Көктас» ЖШС сумен жабдықтау желілерін мемлекетке қайтару; Сарыағаш көшесін жарықтандыру; Сахалин шағын аудандағы №35,№36 трансформаторларды жөндеуден өткізу; Шпак көшесінде тротуар, жол белгілерін қою, автобус жүргізу; полиция қызметкерлерінің жетіспеушілігі; коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдардың жетіспеушілігі және жүк көліктерінің жүруіне шектеу қою. Сондай - ақ, «Водник» шағын ауданында мектеп салу пен балалар алаңын салу бойынша, тұрғындар түрлі мәселелерін көтеріп, ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Аудан әкімі барлық мәселе назарға алынатынын баса айтып, жауаптыларға зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берді.
Кездесуден соң, аудан әкімі Боралдай кентінің 3 тұрғынын жеке қабылдады.
Олар: жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беру және тұрғын үй беру мәселелері бойынша жүгінген.
Барлық мәселе шешімін тапқанша, бақылауда болады.