«ТІЛ ТАБЫСУ ӨНЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР

«ТІЛ ТАБЫСУ ӨНЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР

«Тіл табысу өнері» семинары

 

Жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілермен әр аптаның бейсенбі күндері әр сала бойынша семинар – кеңестер өткізілуде.

Кезекті оқыту – семинарының тақырыбы «Мемлекеттік қызметкерлердің  тіл табысу өнері» бойынша өткізіледі.

Семинарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Алматы облысы бойынша филиалының директоры Абызбаев Багдаулет Ермаханұлы  және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, кафедра меңгерушісі Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы арнайы қатысты.

Бүгінгі теория мен практиканы ұштастырған оқуда – мемлекеттік қызметшілерге ортада және халықпен қалай қарым-қатынас жасау керектігін, тиімді кері байланыс орнату арқылы мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру және нығайтуды үйретті.

Семинар соңында Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы және әдеп жөніндегі уәкілі – Садықов Асқар Жұмаханұлы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Алматы облысы бойынша филиалымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыратын айтып, алғыс білдірді.