
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы - мәслихат депутаттарының назарында
Аудандық мәслихат депутаттары аудандық мемлекеттік қызметттер сапасын талдау тобы мүшелерімен бірге Ақсай, Байкент ауылдық округтері мен Боралдай кенті әкімінің аппараттары және округ аумағындағы мемлекеттік қызмет ұсынатын мекемелеріне мелекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Аудандық мәслихат депутаттары тарапынан зерделеу барысында бірқатар мекемелерге сын ескертпелер айтылып, оларды заң талаптырына сәйкес орындау туралы нұсқамалар берілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасау мемлекеттік органның басты қағидаларының бірі болуы қажет.
Зеределеу қорытындысы бойынша, аталған мәселе аудандық мәслихат депутаттарының тұрақты комиссия отырысында қаралатын болады.