
Ворошиловский тоғанындағы апатты жағдайдағы суды транзиттік ағызуға атсалысқандардың барлығына, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ерекше алғысын білдірді. Бірлескен күш-жігердің арқасында халық үлкен шығыннан алыстатылды.
Келеңсіз оқиғаны жоюға 565 адам, 6 мотопомпа, 83 техника жұмылдырылды. Жұмысқа Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті, әскери бөлімдер, мемлекеттік органдар және т.б. қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар осы төтенше жағдай кезінде көмек қолын созған облысымыздың тұрғындары мен барлық қатысушыларына , кәсіби шеберлігі мен жауаптылығы үшін ризашылық білдіріп алғыс айтамыз! Бірлескен жұмысымыз апатты болдырмауға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жедел шаралардың арқасында апаттың алдын алып, елді мекендер мен ауыл үйлерін су басудан аман алып қалдық. Осы орайда ешқандай адам шығынымен су басу жағдайлары тіркелмеді.